Министрлік АЭС құрылысына ақшаны қайдан алатыны туралы айтты

Жаңалықтар
view 187
news

Сурет: Ашық дереккөзден

Ұлттық экономика вице-министрі Арман Қасенов Қазақстан АЭС құрылысына қажетті қаржыны қайдан алатыны туралы сұраққа жауап берді, деп хабарлайды janabastau.kz ulysmedia.kz сайтына сілтеме жасап.

Бұл туралы ол Сенатта өткен брифинг барысында айтты.

«Қазір кім салады, қай ел салады деген сауалдың шешімі әлі шыққан жоқ. Тиісінше, қалай қаржыландырылатыны туралы түсінік жоқ. Мен атом электр станциясының құрылысын қаржыландырудың бір нұсқасы оны бөліп төлеу екенін білемін. Оны салатын компания төлемді кейінге қалдыра алады. Тиісінше, қаржыландыру үшін қаражат қажет болмауы мүмкін. Бірақ қазір біз мұны нақты айта алмаймыз, өйткені тіпті кім салатыны туралы түсінік жоқ», - деді Арман Қасенов.

Пікірлер (0)

Пікір қосу

Сіздің атыңыз *
Сіздің пікіріңіз *