Марқұм Шерзаттың үйіне мобилографымен барып, тек түсірілім жасап қайтқан депутатқа ашуланды (ВИДЕО)

Жаңалықтар
view 172
news

Сурет: Ашық дереккөзден

Журналист марқұм Шерзаттың үйіне мобилографымен барып, тек түсірілім жасап қайтқан Мәжіліс депутаты Ардақ Назаровқа ашуланды, деп хабарлайды 

Бұл туралы журналист Гүлмира Әбіқай бөлісті. Сондай-ақ, Гүлбану Әниятқызы да өзінің желідегі парақшасында жариялап, Ардақ Назаровқа депутаттық мандатын тапсыруға кеңес берді.

Гүлбану Әниятқызы депутатты қаралы үйге емес, тойға барғандай деп сынады.

«Ардақ Назаров - Алматы облысынан “сайланған”депутат. Талғар өзінің окургі. Не үшін барды? Не бітірді? Халық қан жылап тұр. Ал мұның жүрісін, жауабын қараңыз. “Көріп алайын” дейді. Нені көрмекші?
Қасына мобилограф ертіп алған, тойға барғандай. Жүрген-тұрғанын видеоға түсіріп, әдемі пост жазып қойыпты. Бардым, халықтың қасынан табылдым деген отчет үшін бе?

Сәл ғана намысы болса, депутаттық мандатын тапсыра салу керек қой», - деді ол.  

Пікірлер (0)

Пікір қосу

Сіздің атыңыз *
Сіздің пікіріңіз *