«Marwin-Меломан» кімнің басқаруына өтті?

Жаңалықтар
view 473
news

фото ашық дереккөз

AQNIET GROUP жеке инвесторларды тарта отырып, Қазақстандағы ең ірі отбасылық «Marwin-Меломан» дүкендер желісін сатып алғанын жариялады. Келісім 2024 жылдың соңында жүзеге асып, желі толықтай AQNIET GROUP басқаруына өтті. Аталған дүкендер желісінде 1500-ден астам қызметкер жұмыс істейді және ол кітаптар мен ойыншықтарды сатуға маманданған. Бұл жобаға қазақстандық кәсіпкерлер Сырымбек Тау мен Қуаныш Мылтықбаев жеке инвестор ретінде тартылды, деп хабарлайды JANABASTAU.KZ ақпарат агенттігі  Ulysmedia.kz. сайтына сілтеме жасап.

AQNIET GROUP – Қазақстандағы жетекші фармацевтикалық дистрибьютор

«AQNIET GROUP» – бөлшек сауда және фармацевтикалық өнімдерді дистрибуциялау саласында қызмет ететін Қазақстанның жетекші компанияларының бірі. Компания фармацевтикалық өнімдерді тарату бойынша елдегі ең ірі компаниялардың қатарына кіреді.

Белгілі болғандай, «AQNIET» ЖШС бақылау кеңесінің төрағасы – олигарх Қайрат Ітемгенов, ал оның орынбасары Мәжіліс депутаты Руслан Берденов.

Желіні дамыту және ұлттық өнімдерді қолдау

2025 жылы AQNIET GROUP дүкендер желісінің тауар ассортиментін кеңейтуді жоспарлап отыр. Жаңартылған өнім қатарында ұлттық символикасы бар кәдесыйлар мен тауарлар болады. Бұл өнімдер «Бір ауыл – бір өнім» жобасы аясында жергілікті өндірушілермен бірлесіп дайындалады.

Сонымен қатар, компания желіні кеңейтіп, елдегі туристік аймақтарда жаңа дүкендер ашуды көздеп отыр.

Қазақ әдебиетін қолдау және халықаралық деңгейге шығару

AQNIET GROUP қазақстандық әдебиетті дамытуға және ұлттық мәдениетті насихаттауға басымдық береді. Осы мақсатта компания «off-take» келісімшарттары бағдарламасын іске қосады. Бұл бастама қазақстандық авторлардың шығармаларын үш тілде басып шығаруға мүмкіндік береді.

Аталған бағдарлама қазақ әдебиетін халықаралық нарыққа шығарып, оны Букер сыйлығы, Оңтүстік-Шығыс Азия әдеби сыйлығы (SEA Write Award) секілді беделді байқауларға қатыстыруға жол ашады.

AQNIET GROUP:
"Қазақ әдебиетін дамыту – Қазақстанның мәдени брендингіне оң әсер етеді. Басқа елдерде де осы тәсіл қолданылған. Мысалы, Орхан Памуктің романдары Стамбулды әлемге танытты, ал Ромео мен Джульетта туралы тарих Веронаны махаббат символына айналдырды."

AQNIET GROUP-тың миссиясы: коммерциялық табыс пен мәдени даму

Компания тек қаржылық табысқа емес, сонымен қатар Қазақстанның мәдени дамуына да үлес қосуды көздейді. AQNIET GROUP қазақ әдебиеті мен мәдениетін жаһандық деңгейде танытуға күш салатынын мәлімдеді.

Айта кетейік, бұған дейін «Меломан»/Marwin желісінің тең иесі Александр Дериглазов Қазақстанда бірқатар ірі жобаларға қатысқан. Ол «Комфорт» гипермаркеттер желісіне, «Бірінші қазақстандық музыкалық баспаға», Астанадағы «Арсенал» ойын-сауық кешені мен кинотеатрына иелік еткен.

Пікірлер (0)

Пікір қосу

Сіздің атыңыз *
Сіздің пікіріңіз *