Мәскеудің өкілі Тоқаевқа Путиннің сәлемін жеткізді
Жаңалықтар
473
Ақорданың баспасөз қызметі
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Ресей Үкіметі төрағасының орынбасары Александр Новакты қабылдады, — деп хабарлайды JANABASTAU.KZ
Кездесуде екіжақты сауда-экономикалық ынтымақтастықты одан әрі нығайту мәселелері қарастырылды.
Президент Қазақстан мен Ресейдің мемлекетаралық қарым-қатынасы достық, тату көршілік және одақтастық рухында қарқынды дамып келе жатқанын айтты.
Александр Новак Қасым-Жомарт Тоқаевқа Ресей президенті Владимир Путиннің сәлемін жеткізіп, елдеріміз арасындағы диалог пен ықпалдастықтың деңгейі жоғары екенін мәлімдеді.
Кездесуде энергетика саласындағы өзара ықпалдастық мәселесі талқыланды.
Оқи отырыңыз
Жаңалықтар
Еуропа Ресейге санкцияларды күшейтті
Пікірлер (0)