Мәулен Әшімбаев референдумда дауыс берді
Фото: Солтан Жексенбеков / Kazinform
Сенат төрағасы Мәулен Әшімбаев АЭС салуға қатысты референдумда елордадағы №164 учаскеде дауыс берді, деп хабарлайды janabastau.kz.
«Бүгін өте маңызды күн, тарихи күн деп айтсақ та артық болмайтын шығар. Референдум – Қазақстанның демократиялық дамуындағы маңызды қадам. Бүгін біз Президенттің «халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасының жүзеге асырылып жатқанын көріп отырмыз. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев елдің болашағына қатысты мәселелерде», - деді Мәулен Әшімбаев дауыс берген соң БАҚ өкілдерінің сауалына жауап бере тұрып.
Сенат спикерінің айтуынша референдум елімізде жаңа саяси мәдениетті қалыптастыруға арналған іс-шара.
«Осындай маңызды іс-шараларда халықтың пікірін естіп, ескеріп мемлекеттік органдар шешімдер қабылдайтын болса, біз барлық мақсатқа жетеміз. Қазақстанды дамыған демократиялық мемлекет ретінде қалыптастырамыз. Сол себепті бүгінгі референдумда қазақстандықтардың даусы маңызды. Сөйтіп бәріміз Қазақстанды демократиялы, әділетті мемлекет ретінде қалыптастыруға өз үлесімізді қосамыз», - дейді ол.
Пікірлер (0)