"Maxi чайды ішпеңдер": Имам Баян Алагөзоваға байкот жариялауға шақырды

Жаңалықтар
view 425
news

Коллаж: ozgeris.info

Атышулы продюсер Баян Алагөзованың  “Қазақтар Ислам дінін қабылдамаған” деген мәлімдемесі дін өкілі Данияр Кенжеұлына жақпай қалды. Имам продюсердің күйеуі Тұрсен Алагөзов шығаратын “Maxi чайды” ішпеуге шақырды. Бұл туралы JANABASTAU.KZ ақпарат агенттігі Stan.kz-ке сілтеме жасап хабарлайды.

“Баянның “қазақтар Ислам дінін қабылдамаған” деген сөзі жай ғана сауатсыздық емес, бүкіл ұлттың рухани тарихына қарсы жасалған соққы. Бір халықтың санасын мұқатуға, діни тұтастығын мазақ етуге бағытталған аса қауіпті мәлімдеме. Қазақ ежелден мұсылман. Бұл — шежіреден шегеленген ақиқат. "Мұсылман болмағансың" деу — тек дінді емес тарихты, рухты жоққа шығару. Егер жүректегі иман тірі болса, Баянның сөзі титтей де салмақ салып, жанды түршіктірсе — “Maxi чайды” ішпеңдер. Байкот жариялаңдар”, – деп жазды Данияр Кенжеұлы. 

Имамның әлеуметтік желідегі жазбасы көпшіліктің ашуын туғызды. 

“Қыздарды зорлағандарға неге байкот жарияламасқа?”, “Кәсіп аш, адамдарға жұмыс бер, пәтер алып бер, содан кейін сөйле”, “Әйелдерді өлтіріп жатыр, балаларды зорлап жатыр, бірақ ол түк емес. Кедейлік пен жемқорлық – қалыпты дүние. Ал қазақтар бастапқыда мұсылман болмаған деген еді, бітті, байкот”, – деп жарыса жазды желі қолданушылары.

Пікірлер (0)

Пікір қосу

Сіздің атыңыз *
Сіздің пікіріңіз *