«Мәжбүрлі шешім»: Қазақстанда ұялы байланыс тарифтері қымбаттайды

Жаңалықтар
view 109
news

Фото: Көрнекі сурет

Қазақстанда үш ұялы байланыс операторы тарифтер қымбаттайтынын мәлімдеді, деп хабарлайды JANABASTAU.KZ ақпарат агенттігі.

Altel компаниясы тарифтік жоспарлардың бағаларын қайта қарайтынын мәлімдеді. Олардың сөзінше, бұл – мәжбүрлі шешім.

Себебі желілерді дамыту мен жаңғыртуға, оларды күтіп ұстауға кететін шығындардың артуы, сондай-ақ салық заңнамасындағы өзгерістер осындай қадамға алып келді, – делінген компания хабарламасында.

Компания тарифті биыл 25 желтоқсаннан бастап қымбаттатпақ. Бұл өзгерістер Tele2 операторына да қатысты. Сонымен қатар Beeline компаниясы 2026 жылдың 1 қаңтарынан бастап тарифтерді қымбаттататынын мәлімдеді. 

Еске сала кетейік, бұған дейін Жаңа жылдан бастап ұялы байланыс тарифтері тағы қымбаттайтынын жазған едік.

 

Пікірлер (0)

Пікір қосу

Сіздің атыңыз *
Сіздің пікіріңіз *