«Халық ашуланады!»: Ринат Зайытов Денсаулық сақтау министрлігін қатаң сынға алды

Жаңалықтар
view 118
news

Фото: Мәжіліс

Мәжілістің кезекті отырысында депутат Ринат Зайыт еліміздегі денсаулық сақтау жүйесінде қордаланған мәселелерді қатаң сынға алды, деп хабарлайды JANABASTAU.KZ ақпарат агенттігі.

«Дәрігерлерге МӘМС жүйесі де жоқ»

Оның айтуынша, жедел жәрдем қызметінің уақытында жетпеуі – саланың ең өзекті проблемаларының бірі. Еліміздегі жедел жәрдем көліктерінің шамамен 70 пайызы тозған, бұл өз кезегінде шұғыл шақыртуларға жедел жетуге кедергі келтіріп отыр.

Бұл жағдайды реттеуге министрліктің шынайы ықыласын көріп тұрған жоқпын. Ертең сол ескі көлікпен барған дәрігер кезек күтіп жатқан науқасқа «тіркелмегенсің» деп есікті тарс жапса, халықтың ашуланатыны анық. Оның үстіне, дәрігерлердің өзіне арналған МӘМС жүйесі де жоқ – қорғаймыз деп жүріп, керісінше қиындыққа тіреп қойдық, – деді Ринат Зайыт.

Министрлік сынға не деп жауап берді?

Депутат сауалына жауап берген Денсаулық сақтау министрлігінің өкілі Тимур Сұлтанғазиев мәселені бір сәтте шешу мүмкін еместігін атап өтті. Оның айтуынша, жедел жәрдем көліктерін жаңарту және қызмет сапасын арттыру – жүйелі бюджет жоспарлауын қажет ететін, сондай-ақ жергілікті атқарушы органдардың жауапкершілігіне тікелей байланысты мәселе.

Министрлік өкілі денсаулық сақтау саласын жаңғырту біртіндеп жүзеге асатынын, жедел жәрдем паркін жаңарту бағытында жұмыстар басталып жатқанын жеткізді.

Пікірлер (0)

Пікір қосу

Сіздің атыңыз *
Сіздің пікіріңіз *