Медициналық туризм күшейеді: «Kazakhstan Health Travel» бренді халықаралық деңгейге шығарылады

Жаңалықтар
view 31
news

Фотосурет ашық дереккөзден

Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігі медициналық туризмнің негізгі бағыттарының бірі ретінде санаторийлік-курорттық аймақтарды дамытуға бағытталған кешенді шараларды жүзеге асырып жатыр, деп хабарлайды JANABASTAU.KZ ақпарат агенттігі Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігіне сілтеме жасап. 

Медициналық туризмді дамыту аясында жыл бойы емдік-сауықтыру қызметтерін ұсынуды кеңейту мақсатында медициналық ұйымдар, санаторийлер мен туроператорлар арасындағы ынтымақтастық нығайтылуда.

Бүгінде Қазақстанның санаторийлік-курорттық ұйымдарына жыл сайын шамамен 500 мыңға жуық адам келеді. Алдағы жылдары бұл көрсеткішті инфрақұрылымды жетілдіру, «Kazakhstan Health Travel» бренді арқылы ел имиджін ілгерілету және шетелдік пациенттерді тарту есебінен арттыру жоспарланып отыр.

 «Біздің табиғи байлықтарымыз — ел игілігі ғана емес, халық денсаулығын нығайтудың және медициналық туризмді дамытудың стратегиялық құралы.

Қазақстан Орталық Азиядағы санаторийлік-курорттық емдеудің орталығына айналуға толық әлеуетке ие», — деді Денсаулық сақтау министрі Ақмарал Әлназарова бүгін Астанада өткен

«Қазақстан Республикасындағы медициналық туризмді дамыту: болашағы мен мүмкіндіктері» атты алғашқы халықаралық конференцияда.

Форум барысында атап өткендей, еліміздің басты стратегиялық артықшылығы — қайталанбас табиғи-климаттық әлеуетінде. Таулы аймақтардың таза ауасы, емдік көлдер, минералды және термалды сулардың бірегей үйлесімі шетелдік туристердің ерекше қызығушылығын тудырып отыр.

Осы табиғи факторлар оңалту және қалпына келтіру медицинасы, аурулардың алдын алу және денсаулықты нығайту салаларын біріктіретін маңызды негізге айналуда.

Пікірлер (0)

Пікір қосу

Сіздің атыңыз *
Сіздің пікіріңіз *