Мектеп оқушысын мешіттің артында зорлағаны туралы анасы белгілі журналист Руслан Өтепбайға айтып берді
Сурет: Ашық дереккөзден
Таразда мектеп оқушысын мешіттің артында зорлап, кейін кәмелетке толмаған қыз жүкті болған, деп хабарлайды janabastau.kz.
Руслан Өтепбай әлеуметтік желіде жаға ұстатар жаңалықты бөлісіп, ақпарат берді. Журналистің зерттеуінше, 39 жасар келіншектің сөзіне сенсек, оның 16 жасар қызын бір жыл бұрын әлдекім зорлаған. Қаршадай қыз таяуда бала босанып, кәмелет жасына толмай ана атанып отыр. Ең сорақасы қызға зәбір көрсеткен күдікті бостандықта дейді қара жамылған ана.
Ақиқаты анықталып, опасыздық жасаған адам жазасын алсын деген мақсатта Тараз қаласының тұрғыны Руслан Өтеппайдың бағдарламасынан көмек сұраған.
Айта кетейік, видеода қазіргі таңда басты күдікті қыздың өгей әкесі екені айтылған.
Пікірлер (0)