Мемлекет басшысы тариф саясатын түбегейлі қайта қарауды ұсынды

Редакция таңдауы
view 76
news

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев елімізде тариф саясатын қайта қарап, монополистерге жауапкершілікті күшейту керектігін айтты, деп хабарлайды janabastau.kz тілшісі ҚазАқпарат сілтеме жасап.

«Тариф саясатын түбегейлі қайта қарау, тариф белгілеудің жаңа әдістемесін енгізу және инвесторлардың қызығушылығын арттыру қажет. Табиғи монополия субъектілерінің бәріне 5-7 жылға дейін көңілге қонымды нарықтық тариф енгізген жөн, яғни баға тұрақты болса, инвестицияны нақты жоспарлауға мүмкіндік туады», - деді Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына Жолдауында.

Президенттің айтуынша, қаржы ұйымдары да кәсіпорындарға нық сеніммен несие бере алады.

«Сонымен қатар, монополистердің жауапкершілігін едәуір арттыру қажет. Бұл салаға цифрлық бақылау тәсілдері енгізіледі. Сол арқылы азаматтарымыз тарифтік смета және инвестициялық бағдарламалар туралы ақпарат алады», - дейді Мемлекет басшысы.

Пікірлер (0)

Пікір қосу

Сіздің атыңыз *
Сіздің пікіріңіз *