Мемлекеттік қызметкер болу – үлкен жауапкершілік

Жаңалықтар
view 721
news

23 маусымда Қазақстанда мемлекеттік қызметшілер күні атап өтіледі. Мемлекеттік қызметкер болу – жауапты міндет пен үлкен абырой. Бұл атты арқалап жүргендер мемлекет үшін қызмет етіп, ел жүгін арқалап жүр. 2002 жылы 20 желтоқсанда БҰҰ-ның  бас Ассамблеясының 57-ші сессиясы 23 маусымды БҰҰ Мемлекеттік қызметкер күні деп жариялау туралы қаулы қабылдады. Қазақстан Республикасы Мемлекет басшысының Жарлығымен өткен жылы 23 маусым мемлекеттік қызметшілер күні болып бекітілді. Қазақстанда 90 мыңнан астам азамат мемлекеттік қызметте жұмыс істейді, оның ішінде 49 мыңнан астамы –  әйел. Саяси қызметшілердің орташа жасы – 48 жас, әкімшілік – 39 жас. Мемлекеттік қызмет туралы заңнамада жүргізіліп жатқан өзгерістер халықаралық қоғамдастықтың жоғары бағасына ие болды. Мемлекеттік қызметтің жаңа моделінің тұжырымдамасында негізгі қағидаттар – тиімділік, нәтижелілік, меритократия, ашықтық, халықтың сұраныстарына бағдарлану. Қоғамдық санада қазіргі заманғы мемлекеттік қызметшінің басты мақсаты – өз міндеттеріне жанқиярлықпен және ерекше жауапкершілікпен қарап, ел азаматтарының игілігі үшін жұмыс істеуді нығайту. Мемлекет осы саладағы қызметкерлерге ерекше қолдау көрсетіп келеді.  «Үздік мемлекеттік қызметші» дәрежесін беру де белгіленген болатын.  Бұл дәреже мемлекеттік қызметкерлерді ынталандыра түседі.Мемлекеттік қызметкерлердің жұмысы уақытқа бағынбайды. Себебі, оның алдына келген кез келген адам мәселенің тезірек шешілгенін талап етеді. Үмітін арқалап келген адамның жағдайына бей-жай қарай алмайтын осы кәсіп иегерлерінің жұмысын көп адам түсінбей жатады. Мемлекеттік қызметке мемлекеттік қызметкердің көзімен қарап көру үшін, Қосшы қаласының ішкі саясат, мәдениет, тілдерді дамыту және спорт бөлімінің басшысы, «Жылдың үздік мемлекеттік қызметшісі»  Айнагүл Көңбайқызынан сұхбат алдық.  – Мемлекеттік қызметкер қандай болу керек? Мемлекеттік қызметкер ең бірінші шынайы патриот болуы керек. Өз елін ұсақ-түйегіне дейін жақсы көру шарт деп санаймын. Содан кейін жанын салып жұмыс істейтін, сол істеген жұмысынан тамаша нәтижеге қол жеткізетін білікті маман болғаны жөн. Бұл ең бірінші тәртіп, өз-өзіне деген жоғары талапшылдық, үлкен жауапкершілік, жанашырлық! – Мемелеттік қызметтің ерекшелігі неде? Мен жоғары оқу орнын бітіргеннен кейін бірден мемлекеттік қызметке келдім. Содан бері тек мемлекеттік қызметтемін. Өте қатты жақсы көремін. Мен үшін ерекшелігі -тынымсыз жұмыста. Үнемі жұмыста біте қайнасып жүресің, үнемі қимыл-қозғалыс, үнемі жаңа идеялар, әрдайым толғаныс. Халықпен тікелей, бетпе-бет жұмыс істеудің өз ләззаты бар. – Мемлекеттік қызметкер қандай ұстанымда болу керек? Мемлекеттік қызметкер ел алдында үлкен жауапкершілік ұстанымда болуы аса маңызды. Бұл жанашырлық, адалдық, қарапайымдылық, кішіпейілділік, әділдік, шынайылық, мінсіз болуға ұмтылу және тәртіп ұстанымында болуы керек. – Мемлекеттік қызметте бір тұлғаға еліктейсіз бе?  Ешқандай тұлғаға еліктемеймін. – Жылдың үздік мемлекеттің қызметшісі қалай болдыңыз? 2022 жылы республикамыз бойынша жылдың үздік мемлекеттік қызметшісі байқауының жеңімпазы болдым. Еліміз бойынша 750-ге жуық қызметкер қатысты. Соның 10-ы жеңіске жетті. Бұл мен үшін намыс. Өзім қызмет етіп отырған қаланың мәртебесін көтеру. Өзімнен кейінгі жастарға үлгі көрсету, өнеге беру! – Мемлекттің қызметкер болу, ол– осы сөйлемді жалғастырсаңыз? –   Мемлекеттік қызметкер болу:
  • абырой
  • мәртебе
  • үлкен жауапкершілік
  • сенімді ақтау
  • жоғары талапшылдық
  • қайырымдылық
  • жан-жақты даму
  • нәтижеге қол жеткізу
Бұл тізімді ұзақ жалғастыруға болады.... – Мемлекеттік қызметерге қандай талап қойылады? Мемлекеттік қызметкерге ең бірінші тәртіп, жауапкершілік, кәсібилік, білімділік, біліктілік талаптары қойылады. Қазақстан Республикасында мемлекеттік қызметтің ұйымдастырылуы заңдылық, қазақстандық патриотизм, мемлекеттік қызмет жүйесінің біртұтастығы, азаматтар құқықтарының, бостандықтарының және заңды мүдделерінің мемлекет мүдделері алдындағы басымдылығы  принциптерінен   өріс алады. Сұхбаттасқан Төнкер Елігімай        

Пікірлер (0)

Пікір қосу

Сіздің атыңыз *
Сіздің пікіріңіз *