Мемлекеттік мүлікті жымқырған мекеме басшысы сотталды

Жаңалықтар
view 419
news

Сурет: Ашық дереккөзден

Талас ауданында «Таза-Талас» ШЖҚ КММ-нің теңгерімінде тұрған автокөліктерді жымқыру фактісі анықталды, деп хабарлайды Janabastau.kz.

Мекеме басшылығы жалған құжаттар негізінде, сатылымға шығарусыз 4 автокөлікті үшінші тұлғаларға сатқан, деп мәлімдеді прокуратура.

Мемлекетке келтірілген залал мөлшері 22 млн теңгені құраған.

«Аталған дерек негізінде Талас ауданының прокуратурасы ҚК 189-бабы 4-бөлігі 2-тармағымен (кінәліге сеніп тапсырылған бөтен мүлікті адамдар тобының алдын ала сөз байласуымен, аса ipi мөлшерде талан-таражға салу фактісі бойынша) сотқа дейінгі тергеп тексеру бастаған. Қылмыстық іс, облыс прокуратурасының сотқа дейінгі тергеп-тексеру басқармасымен тергелді», – делінген хабарламада.

Іс шеңберінде прокуратурамен құны 10 млн теңгені құрайтын 2 автокөлік қайтарылып, 7 млн теңге мемлекет пайдасына өндірілген.

Талас аудандық сотының 2024 жылғы 13 маусымдағы үкімімен «Таза-Талас» мекемесінің директоры және оның орынбасарына мемлекеттік қызметте лауазымдарды атқаруға өмір бойына тыйым сала отырып, 7 жыл мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды.

Сот үкімі заңды күшіне енген жоқ.

Пікірлер (0)

Пікір қосу

Сіздің атыңыз *
Сіздің пікіріңіз *