Шымкентте дендросаябақтың басшылығы 14,7 миллион теңгені жымқырмақ болған

Жаңалықтар
view 212
news

Сурет: Ашық дереккөзден

Шымкенттегі дендросаябақ басшылығы 14 миллион теңгеден астам жымқырды деген күдікке ілінді, деп хабарлады Janabastau.kz сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Шымкент қалалық департаментіне сілтеме жасап.

«14,7 млн теңге бюджет қаражатын ұрлау фактісі бойынша департамент «А.Асқаров атындағы Шымкент мемлекеттік дендрологиялық паркі» МКҚК директорына, кадр бөлімінің басшысына және бас есепшісіне қатысты сотқа дейінгі тергеуді аяқтады», – делінген хабарламада.

Тергеу барысында күдіктілер кінәларын толық мойындап, келтірілген шығынды өтегені көрсетілген.

Қалалық прокуратура қылмыстық істі сотқа берді.

Пікірлер (0)

Пікір қосу

Сіздің атыңыз *
Сіздің пікіріңіз *