«...Мен үшін бақыт»: Соғыс ардагері дауыс берді

Жаңалықтар
view 38
news

Фото: видеодан скрин

Жалпыұлттық референдум күні Алматы облысы Жамбыл ауданының тұрғындары азаматтық белсенділік танытып, ел болашағына қатысты маңызды саяси науқанға белсене қатысты. Солардың қатарында Ұзынағаш ауылында тұратын Ұлы Отан соғысының ардагері Федор Емельянович Ковалев те бар, деп хабарлайды JANABASTAU.KZ. 

Қарт майдангер бүгін өз үйінде дауыс беріп, ел тағдырына қатысты таңдауын жасады.

Федор Емельянович 1927 жылы 11 қарашада Могилев облысының Орловка ауылында дүниеге келген. Жастайынан еңбекке араласып, ел өміріндегі қиын кезеңдерді бастан өткерген ол 1944 жылы әскер қатарына шақырылып, әскери дайындықтан өтеді.

1945 жылы Кеңес Одағы мен Жапония арасындағы соғысқа қатысып, майдан даласында батылдығы мен қайсарлығын көрсеткен. Соғыс жылдарындағы ерлігі үшін ІІ дәрежелі орденмен және Жеңіс мерейтойларына арналған медальдармен марапатталған.

Пікірлер (0)

Пікір қосу

Сіздің атыңыз *
Сіздің пікіріңіз *