Референдумға шетелде 14 380 қазақстандық қатысады – СІМ
Фото: ҚР СІМ
Референдум кезінде Қазақстан Республикасының шетелдегі мекемелері жанында 54 елде орналасқан 71 учаске жұмыс істейді, деп хабарлайды JANABASTAU.KZ.
Шетелде дауыс беретін Қазақстан Республикасы азаматтарының жалпы саны 14 380 адамды құрайды, – деді Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің орынбасары Арман Исетов.
Референдум учаскелерінде дауыс беру Токио мен Сеул қалаларында Астана уақытымен сағат 03:00-де басталды.
Астана уақытымен сағат 08:00-ге дейін барлығы 23 сайлау учаскесі ашылып, онда 198 адам дауыс берді.
Ең соңында АҚШ-тың Сан-Франциско қаласындағы Қазақстан Республикасының Бас консулдығы жанындағы референдум учаскесі ашылып, жабылатын болады. Атап айтқанда, ол бүгін Астана уақытымен сағат 19:00-де ашылып, ертең 16 наурыз күні сағат 08:00-де өз жұмысын аяқтайды.
Күрделі жағдайға және біздің азаматтарымыздың санының аздығына байланысты 10 елде 11 учаске ашылмайды (Иран, Израиль, Иордания, Катар, БАӘ (2 учаске), Оман, Ливан, Кувейт, Украина және Эфиопия), – деп хабарлады Арман Исетов.


Пікірлер (0)