Меркель Зеленский туралы қатаң мәлімдеме жасады
© AP Photo / Michael Kappeler Германияның бұрынғы канцлері Ангела Меркель. Мұрағаттық фото
Меркель: Зеленский қақтығыстың аяқталуын ЕО-сыз шеше алмайды
Украинадағы қақтығыстың аяқталуы туралы шешімді Владимир Зеленский өз бетінше қабылдай алмайды, бұл мәселе одақтастармен бірлесіп қарастырылуы тиіс, деп мәлімдеді Германияның бұрынғы канцлері Ангела Меркель Berliner Zeitung газетіне берген сұхбатында.
"Дипломатия уақыты келгенде, шешімді тек Зеленский емес, Украина өз одақтастарымен бірге қабылдауы керек", – деді ол.
Меркельдің айтуынша, Еуропалық Одақ та Киев үшін тәуекелге барып отыр.
Осы аптада экс-канцлер Украина қақтығысын реттеу үшін дипломатияны қолдануға шақырды, сонымен қатар Германияның әскери шығындарын арттыру туралы пікірталастарды қолдады.
Пікірлер (0)