Мәжіліс депутаттығына кандидаттарды ұсыну аяқталды
Саясат
126
ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаттығына кандидаттарды ұсыну мерзімі аяқталды, деп хабарлайды janabastau.kz ОСК сайтына сілтеме жасап.
«2023 жылғы 8 ақпандағы жағдай бойынша Қазақстан Республикасының Орталық сайлау комиссиясына келесі саяси партиялардың партиялық тізімдері бойынша Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаттығына кандидаттарды ұсыну туралы құжаттар ұсынылды:
- «Қазақстан Халық партиясы» қоғамдық бірлестігі;
- «Ақ жол» Қазақстан демократиялық партиясы» қоғамдық бірлестігі;
- «Жалпыұлттық социал-демократиялық партия» республикалық қоғамдық бірлестігі»;
- «Қазақстанның «Байтақ» жасылдар партиясы» қоғамдық бірлестігі;
- «Ауыл» Халықтық-демократиялық патриоттық партиясы» қоғамдық бірлестігі;
- «AMANAT» партиясы» қоғамдық бірлестігі;
- «Respublica» партиясы» қоғамдық бірлестігі», - делінген ОСК-ның ақпараттық хабарламасында.
«Кандидаттарды ұсыну сайлауды тағайындау туралы Жарлық жарияланған күннен басталады және 20 күнге созылады, 8 ақпанда әр аймақта жергілікті уақыт бойынша сағат 18.00-де аяқталады. Үміткерлерді тіркеу 20 қаңтардан 18 ақпанға дейін жалғасады. Сайлау алдындағы үгіт-насихат 18 ақпан күні сағат 18:00-де басталып, 18 наурыз сағат 00:00-ге дейін жүргізіледі. 18 наурыз – тыныштық күні. 19 наурыз – сайлау күні», - деген еді ҚР Орталық сайлау комиссиясы төрағасының орынбасары Константин Петров.
Пікірлер (0)