Тағы бір партия Орталық сайлау комиссиясына құжаттарын тапсырды

Саясат
view 99
news

Respublica партиясы Орталық сайлау комиссиясына 19 наурызда өтетін кезектен тыс Мәжіліс және мәслихаттар депутаттары сайлауына тиісті құжаттарды өткізді, деп хабарлайды janabastau.kz "Қазинформ" ақпарат агенттігіне сілтеме жасап. Орталық сайлау комиссиясы мүшелері Respublica партиясы өкілдері тапсырған әр құжатты жеке тексерді.

«Құжаттар ҚР Сайлау туралы заңның 87-бабында көрсетілген тізім бойынша ұсынылады. Ұсынылған құжаттар бойынша ескертулер жоқ», - деді ОСК құжаттарды қабылдау комиссиясының басшысы Әлия Ғалымова. «Бүгін Орталық сайлау комиссиясына тиісті құжаттарды тапсырдық. Партия атынан сайлауға 25 кандидат және 4 үміткер бірмандатты сайлау жүйесі бойынша бақ сынайды. Оның ішінде ерлер-17 әйелдер- 8. Кандидаттардың орта жасы – 38. Үміткерлердің ең кішісі 25-те, үлкені 51 жаста», - деді Respublica партиясының сайлауалды штабының басшысы Олжас Құспеков.

Бұған дейін Орталық сайлау комиссиясына 4 саяси партия құжаттарын ұсынды. Respublica партиясы биыл 18 қаңтарда ресми түрде тіркелді. 6 ақпанда партия съезінде Мәжіліс депутаттығына кандидаттар тізімін бекітті. Нәтижесінде аталған партия атынан Мәжіліс депутаттығына үміткерлер тізіміне 29 адам енгізілген еді.

Пікірлер (0)

Пікір қосу

Сіздің атыңыз *
Сіздің пікіріңіз *