“Мини юбка, жабыстырып көйлек киіп алған” деген жігіт әкімшіліктегі әйелдердің киіміне наразылық білдірді
Сурет: Ашық дереккөзден
Әкімшілікте жұмыс істейтін қыз-келіншектердің киім киісіне наразы болған ер азаматтың видеосы тарады. Бұл туралы Janabastau.kz хабарлайды
-ке сілтеме жасап.арқылы үндеу жасаған азаматтың айтуынша, ол барған әкімшілікте жұмыс істейтін әйелдер қауымы тым ашық киінген.
”Бірінші әкімшілікті, өздеріңнен бастап дұрыстаңдар. Сіздерде жұмыс істейтін қыздардың жүрісі анау. Балл маскарадта немесе вечерде жүрген сияқты. Мини юбка, жабыстырып көйлек, каблук киіп алған.
Тойда жүр ме әлде әкімшілікте халыққа мемлекеттік қызмет көрсетіп жүр ме?! Не масқара? Ешқандай тәртіп жоқ. Он бір жарымда түскі үзіліске шығып кетеді. Таңертең онда келеді. Бірінші әкімшілікті дұрыстаңдар. Халықпен сөйлесуді үйретіңдер”, — дейді ол.
400 мыңнан астам қаралым жинаған аталмыш видеоны желі қолданушылары қызу талқылап, түрлі пікір жазуда.
”Қысқа юбка киюге болмайды деген заң бар ма. Әркім өзі біледі”, “Дұрыс, бұл — халықтың үйі. Этика сақталу керек”, “Барлық мәселе бітіп, мини юбка қалды ма”, “Өте дұрыс, мемлекеттік қызметкерлерге ортақ киім үлгісі болу керек”, — деп жазды олар.
Пікірлер (0)