"Мисс Қазақстан" тарихында алғаш рет трансгендерлер қатыса алады
Сурет:news.rambler.ru

"Мисс Қазақстан" байқауына трансгендерлер және
Plus-size арулар қатыса алады18 маусымда өткен баспасөз мәслихатында Miss Qazaqstan қоғамдық қорының директоры Айжан Рузаева "Мисс Қазақстан" байқауына трансгендер адамдар мен дене бітімі ерекшелеу арулар да қатыса алатынын мәлімдеді. Бұл туралы Janabastau.kz порталы хабарлайды Stan.kzақпарат агенттігіне сілтеме жасап. .
Байқаудың финалы биыл күзде Алматы метросында өтеді.
"Plus-size арулар қатыса алмайды дегенді кім айтты? Біз мұндай қатысушыларды қуана қарсы аламыз. Біз бәрін күтеміз. Мейлі ол трансгендер болсын, мейлі plus-size болсын – бұл еркін таңдау. Егер адам өзін солай сезінсе, қатыса алады. Біз бәріне ашықпыз. Егер plus-size қыз келіп, әдемі, харизматикалық, жарқын болса, оны да қарастырамыз. 90-60-90 өлшемдері баяғыда-ақ ұмыт болған, – деді Айжан Рузаева.
Дәстүрлі түрде байқау финалына еліміздің 15 өңірінен келген арулар қатысады.
Финал 30 қараша күні түнгі 23:00-де Алматы метросындағы "Мұхтар Әуезов театры" станциясында өтеді. Мұндай кеш уақытты ұйымдастырушылар жолаушылар қозғалысына кедергі келтірмес үшін таңдаған. Байқау жабық форматта өтеді, билет сатылмайды. Финалды тек арнайы жіберілген аты-жөні жазылған шақыртулармен ғана көруге болады. Іс-шараны шамамен 90 адам тамашалай алады, олардың қатарында блогерлер мен журналистер бар. Қалған көрермендер байқауды ресми онлайн трансляциялар арқылы көре алады.
Пікірлер (0)