Мұнайдың баж салығы өсті
Жаңалықтар
88
Шикі мұнайдың экспорттық кедендік баж салығы 52,9%-ға өсті. Бұл туралы мемлекеттік кірістер комитеті хабарлады.
Ведомство мәлімдемесінде: «2022 жылдың алты айында өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда негізгі экспорттық позицияларға бағаның , оның ішінде мұнай - 65,9%-ға, алюминий - 36,9%-ға, мырыш - 35,4%-ға, қорғасын -9,4%-ға, мыс -7,3%-ға және алтын -3,6%-ға өсті», – делінген.
Шикі мұнайдың экспорттық баж салығы 2021 жылдың алты айында орташа мөлшерлеме 1 тоннаға 56,7 доллар, 2022 жылдың алты айында 1 тоннаға 86,7 долларға жетті.
Қазақстан мұнай қоры бойынша әлем елдері ішінде Қазақстан 30 млрд баррель көлемімен 11-орында. Биыл мемлекеттік бюджетке салық түсімдері бойынша жоспар 106,4%-ға орындалған. Жоспар бойынша салық түсімі 6 718,0 млрд теңге болса, 7 150,1 млрд теңге түскен. Яғни, 432,2 млрд теңгеге артық орындалды. Өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда өсім 2 281,0 млрд теңгені немесе 1,5 есе көп.
Пікірлер (0)