«QULAN» коллекциялық монеталары сатылымға шықты

Жаңалықтар
view 109
news

Бүгіннен бастап «Қазақстанның флорасы мен фаунасы» монеталар сериясынан «QULAN» коллекциялық монеталары сатылымға шықты. Бұл туралы Қазақстан ұлттық банкі хабарлады.  «QULAN» монеталарының сипаттамасына келер болсақ: Құлан – жылқы тұқымдас, сирек кездесетін жануар. Латынша атауы – «EQUUS HEMIONUS». Оған алғаш рет 1775 жылы сипаттама берілген. Қазақстанда құлан Үстірт пен Маңғышылақта кездескенімен, өткен ғасырдың 30-жылдары жоғалып кеткен. 1953 жылы Арал теңізіндегі Барсакелмес аралына түркімен құландары әкелінді. 1982 жылдан бастап Алтын Емел, Бетпақдала ұлттық саябағында және солтүстік Ақтауда оларды жерсіндіру жұмыстары басталды. Мельхиор мен нейзильбер қоспасынан жасалған монеталардың аверсі мен реверсіндегі бейнелер бірдей. Монета аверсінің оң бөлігінде аңдар мен өсімдіктерден коллаж, жиегінде Мемлекеттік елтаңба, сол жағында ҚҰБ-тың тауар белгісі (логотипі) бейнеленген және соғылған жылын білдіретін «2021» деген жазу бар. Сонымен қатар монета реверсінде дала ландшафты аясында құландардың бейнесі бейнеленген, монетаның жоғарғы бөлігінде «EQUUS HEMIONUS», төменгі бөлігінде «QULAN» жазуы бар. Айта кетейік, аталған монеталар www.kazcoins.nationalbank.kz платформасында интернет-дүкен арқылы сатылады.

Пікірлер (0)

Пікір қосу

Сіздің атыңыз *
Сіздің пікіріңіз *