Украина Ресейдің ірі әуе қорғаныс жүйесін жойды

Жаңалықтар
view 86
news

Украина-Ресей соғысы тағы тұтанды. Украина әскері Херсон облысында ресейлік С-300 әуе қорғаныс жүйесін жойды. 14 ақпаннан бері Ресей Pantsir-S1 және Бук-М2 зымырандарын қоса алғанда, 65-тен астам «жер-әуе» зымыран жүйесінен айырылған Ресей-Украина соғысы жалғасып жатқанда, Украина армиясы Херсон аймағында ресейлік S-300 әуе қорғаныс жүйелерін жойды. Оңтүстік Херсон облысында түсірілген кадрларда украин күштерінің кем дегенде екі S-300 жер-әуе зымырандық кешендерін ұшыру қондырғысы мен бір командалық пункт көлігін жойғаны анық көрінеді. Екі ел соғысынан кейін туындаған жаһандық азық-түлік дағдарысын шешуді мақсат еткен астық тасымалдау келісіміне таяуда Стамбулда қол қойылған болатын. Бірақ соған қарамастан кеше Украинаның Қара теңіздегі негізгі сауда порттарының бірі Одессаға шабуыл жасалды. Украина президенті Владимир Зеленский Одесса портындағы шабуылды ұйымдастырған Ресейді айыптады. Ресми мәлімдемесінде ол: «Одесса портына зымыран шабуылы Ресейдің саяси ұстанымдарына да соққы болды. Ресеймен қандай да бір диалог, келісімге келместен бұрын оның басқыншылық саясатын тұтас әлем болып көріп отырмыз. Басқыншылар енді ешкімді алдай алмайды. Бұл шабуылдың салдарынан Одесса өнер мұражайының ғимараты да зардап шекті. Орыс варварлығы бізді жеңісіміз үшін қажетті қару-жарақ алуға жақындатады», – делінген. Ресейдің агрессиялық саясатын сынаған АҚШ Мемлекеттік хатшысы Антони Блинкен Кремльдің халықаралық келісімді бұзғанын айтты. Блинкен сұхбатында «Америка Ресейдің Одесса портына жасаған шабуылын қатаң түрде айыптайды. Шабуыл Ресейдің азық-түлікпен қамтамасыз ету күш-жігеріне және Украина экспортының бөлігі ретінде кеше аяқталған келісімге қатысты міндеттемелерінің сенімділігіне нұқсан келтіреді», – деді.

Пікірлер (0)

Пікір қосу

Сіздің атыңыз *
Сіздің пікіріңіз *