«Мүшесін кесіп тастаған»: Хирург сүндетке отырғызған баланы жарымжан еткен
Жаңалықтар
78
Фото: Pixabay
Павлодар қаласының Қылмыстық істер жөніндегі ауданаралық сотында медицина қызметкерінің кәсіби міндетін дұрыс орындамау дерегі бойынша қозғалған іс қаралды, деп хабарлайды janabastau.kz Skifnews.kz -ке сілтеме жасап.
2023 жылдың 23 тамызында хирург дәрігер жасөспірім балаға сүндеттеу отасын жасаған. Алайда операция кезінде салғырттық танытып, баланың жыныс мүшесіне ауыр зиян келтірген. Атап айтқанда, жыныс мүшесінің басының үштен бірі зақымданып, кесіліп қалған.
Соттың шешімімен дәрігерге 1 жылға бас бостандығын шектеу жазасы тағайындалды. Ол пробациялық бақылауға алынып, мәжбүрлі еңбекке тартылатын болды. Сонымен қатар, бір жыл мерзімге хирург ретінде жұмыс істеу құқығынан айырылды.
Пікірлер (0)