Нәресте миллионға сатыла ма? Қазақстандағы сұмдық деректер әшкереленді
Сурет: Ашық дереккөзден
Қазақстанда нәрестелерді сату деректері жиілеп барады, деп хабарлайды janabastau.kz ақпарат агенттігі.
Әкімшілік полиция комитеті Адам саудасына қарсы күрес басқармасы бастығының орынбасары Шынар Көчербаеваның айтуынша, жыл басынан бері кәмелетке толмағандарды саудалау бабымен 19 іс тіркелген.
Жаңа туған нәрестелерді сату фактілері елдің әр өңірінде анықталуда. Мұндай заңсыз әрекеттерге делдалдар да араласып, өз бетінше ізденіп, түрлі схемалар құрады.
«Шетелге алып шығу жағдайлары тіркелмеді. Алайда сатушы да, сатып алушы да бірдей жауапкершілікке тартылады. Кейде ата-аналар материалдық жағдайының қиындығынан, жоспарланбаған жүктіліктен осындай қылмысқа барады. Әдетте мұндай мәмілелер 500 мыңнан 1,5 миллион теңгеге дейін бағаланады. Балалардың тағдырын сот шешеді», – деді ол.
Полиция адам саудасына қарсы күресті күшейтіп, қоғамды мұндай қылмысқа бейжай қарамауға шақырып отыр.
Пікірлер (0)