Мейрамханадағы масқара: қыз даяшыға аяғын 50 мыңға сүрткізді
Жаңалықтар
67
Сурет: видеодан кадр
Алматыдағы мейрамханада даяшыға дөрекілік көрсеткен бойжеткен жазаланды, деп хабарлайды janabastau.kz ақпарат агенттігі.
Полиция департаментінің мәліметінше, ол қоғамдық тәртіпті бұзып, айналасындағыларға құрметсіздік танытқан. Тәртіп сақшылары құқық бұзушының жеке басын анықтап, Атырау қаласында ұстады.
Қызға қатысты «Ұсақ бұзақылық» бабы бойынша әкімшілік іс қозғалды. Ол түсініктемесінде кінәсін мойындап, жасаған әрекетіне өкінетінін жеткізді. Онымен профилактикалық әңгіме жүргізілді.
Полиция қоғамдық орындардағы мәдениет пен әдептілікке мән берудің маңыздылығын еске салып, заңға құрметпен қарау – тәртіптің басты қағидаты екенін атап өтті.
Пікірлер (1)
naturally like your web site but you have to test the spelling on quite a few of your posts. Many of them are rife with spelling problems and I to find it very bothersome to inform the reality on the other hand I will definitely come again again. https://livedrawhk6d.top/