Қазақ балуаны әлем чемпионатының финалына өтті
Фотосурет ашық дереккөзден
Грек-рим күрес шебері Айдос Сұлтанғали Загребте (Хорватия) өтіп жатқан әлем чемпионатында алтын медаль үшін белдеседі, деп хабарлайды JANABASTAU.KZ ақпарат агенттігі.
60 келіге дейінгі салмақта сынға түскен Айдос Сұлтанғали жартылай финалда грузиялық Амиран Шавадземен белдесті. Кездесу барысында Айдос Сұлтанғали 1:2 есебімен ұтылып жатқан еді, алайда айқастың соңына таман екі сәтті әдіс қолданып, жеңісті өз пайдасына жазды – 8:2.
Финалда ол ертең, 20 қыркүйекте Өзбекстан балуаны Алишер Ғаниевпен белдеседі.
Еске сала кетейік, Айдос Сұлтанғали 1/4 финалда КХДР өкілі Ри Си Ёнды 1:1 есебімен (басымдық ережесі бойынша) жеңіп шықты, ал турнирді америкалық Максвелл Блэкті 7:1 есебімен ұтып бастаған еді.
Пікірлер (0)