Нартай Аралбайұлы – садақ ату федерациясының жаңа президенті

Жаңалықтар
view 65
news

Сурет: Ашық дереккөзден

Қазақтың дәстүрлі садағы – тек спорт емес, ұлттық болмысымыздың айнасы. Осы орайда Мәжіліс депутаты Нартай Аралбайұлы республикалық дәстүрлі садақ ату федерациясының жаңа президенті болып тағайындалды, деп хабарлайды JANABASTAU.KZ ақпарат агенттігі. 

Федерацияның ресми мәлімдемесінде:
«2023 жылдан бері президент болған Мұқатаев Айдос Зиядұлының өкілеттігі тоқтатылуына байланысты, 2025 жылдың 28 тамызынан бастап Сәрсенғалиев Нартай Аралбайұлы федерация президенті болып сайланды. Бұл қадам еліміздегі спорттың жүйелі дамуына, халықаралық деңгейде ілгерілеуіне тың серпін береді», – делінген.

Нартай Аралбайұлы 1991 жылы дүниеге келген. Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің журналистика факультетін тәмамдап, бұқаралық ақпарат саласында еңбек етті. 2023 жылдан бері Мәжіліс депутаты.

 

Пікірлер (0)

Пікір қосу

Сіздің атыңыз *
Сіздің пікіріңіз *