Нархоз университеті ағылшын тілін меңгермеген студенттерін оқудан шығарып жатыр

Жаңалықтар
view 27
news

Фото: Булат Утемуратов

Нархоз университеті ағылшын тілін меңгермеген студенттерін оқудан шығарып жатыр. Бұл туралы Әділ Балтабаев өзінің инстаграм парақшасына жариялады, деп хабарлайды  janabastau.kz.

Журналистің айтуынша, оған Нархоздағы цифрлық технологиялар мектебінің 10 шақты студент хабарласып, наразылығын білдірген. Ағылшын деңгейі төмен болғандықтан, 100 шақты студентті оқудан шығарып жіберген және ол студенттердің бәрі мемлекеттік грантта оқыған. 

Студенттердің сөзінше, олар оқуларын әрі қарай жалғастыру үшін ағылшын деңгейі кемінде В1 болу керек. Алайда ол әр 10 студенттің тек 1-інде ғана болатынын айтты. Деңгейі жетпеген студенттерге университет не ақылы оқуға ауысуға, не басқа ЖОО қарастыра беруін айтқан және оларға шешім қабылдау үшін небәрі 2 күн ғана уақыт берген.

«Мен Ғылым және жоғары білім министріне хабарластым. Кейін маған Нархоз университетінің өкілдері хабарласып, талапкерлер оқуға түсер алдын ағылшын тестін тапсыру туралы келісімге қол қоятынын айтты. Сондай-ақ оларға алдын-ала IELTS тапсырып, В1 деңгейін дәлелдейтін құжат алу ұсынылады. Қос тарап та болашақта тағдырын шешетін ағылшынша емтихан тапсыру туралы келісім-шартқа отырады. Кей студенттер мұндай жағдайға тап болғанымен аппеляцияға өтініш бермеген, ал кей студенттер ЖОО-дан шығып кеткен», – деп жазды Әділ Балтабаев өзінің Instagram парақшасында.

Журналистің пікірінше, университет тарапынан ешқандай да әділетсіздік жоқ. Өйткені талапкерлерге бұл жағдай алдын-ала ескертіледі. Бірақ журналист не үшін университет ағылшын деңгейін талап етпей оқуға қабылдайтыны туралы ойлайтынын жазды. 

«Әрине бұл үлкен дауға алып келеді. Маған Нархоздың өкілдері мемлекеттік гранты жоқ тұлғалардың құқығын қабылдауға ешқандай құқығы жоқ екенін де түсіндірді. Сондықтан универ өз талаптарын оқу процесі кезінде ғана орындайды», – деді журналист. 

Сондай-ақ ол бұл істі қайта қарау керек екенін, келген студент соңғы әрі нақты шешім қабылдағанына сенімді болып, университет қабырғасында өз оқуын әрі қарай еш бақылаусыз және еш талаптарсыз жалғастыру керек екенін алға тартты.

«Болып жатқан жағдайдан мен ешқандай кінәлілерді көріп тұрған жоқпын. Барлық тарап келісім-шарт бойынша әрекет еткен», – деп тағы да қортындылады.  

Пікірлер (0)

Пікір қосу

Сіздің атыңыз *
Сіздің пікіріңіз *