Назарбаев университетінде студент қыз жатақхана терезесінен секіріп кетті
Жаңалықтар
79
Сурет: Ашық дереккөзден
Назарбаев университетінің аумағынан 22 жастағы қыздың мәйіті табылды. Ол 12-қабаттан секіріп кеткен, деп хабарлады janabastau.kz Orda.kz-ке сілтеме жасап.
Беделді оқу орны аумағында адам өлімі туралы қауесет 17 тамыз күні тарады. Бірақ қайғылы оқиға 15 тамызда болған. Полиция жас қыздың денесін табу фактісі бойынша қылмыстық іс қозғады.
«Қазіргі уақытта болған оқиғаның барлық мән - жайларын анықтау бойынша жұмыстар жүргізіліп жатыр», — деп атап өтті полиция.
Пікірлер (0)