Нұрлан Қоянбаев халықтан 1 380 теңгеден «жинап» алмақ (ВИДЕО)
Фото: ptrkkz
Нұрлан Қоянбаев Мальдивтен арал сатып алуға ақша жинамақшы: қалжың ба, әлде шын ниет пе?
Белгілі әзілкеш әрі продюсер Нұрлан Қоянбаев ел назарын тағы да ерекше идеямен аударды. Бұл жолы ол халыққа қалжың аралас үндеу тастап, Мальдив аралдарының бірін сатып алуға ұсыныс жасады, деп хабарлайды janabastau.kz.

«Мальдивте бір кішкентай арал 2-3 миллион доллар тұрады екен! 1000-1280-1380 теңгеден жинап сатып аламыз ба? Тыныш қана әлемдегі бүкіл пайдасы бар бизнесті сатып алу керек», – деп жазды Қоянбаев әлеуметтік желідегі парақшасында.
Оның бұл бастамасына желі қолданушылары түрлі пікір білдіріп, қызу дау тудырды. Бірі «Мен тізім жасайын, кім берді, кім берген жоқ, есебін жариялап отырамын» десе, енді бірі «Бастайық, мен 1 миллион тастаймын» деп ниет білдірді.
Бұл идея ел ішінде біраз пікірталас тудырып, желіде кеңінен талқыланды.
Пікірлер (0)