Нұрсұлтан Назарбаев танкері АҚШ санкциясына ілінді
Ulysmedia коллажы
Қазақстанның бұрынғы президентінің атымен аталған «Нұрсұлтан Назарбаев» мұнай танкері АҚШ Қаржы министрлігі салған санкцияға ұшырады, деп хабарлайды janabastau.kz Ulysmedia.kz-ке сілтеме жасап.
Интерфакстың хабарлауынша, шектеулер 180-нен астам кемеге, соның ішінде ресейлік мұнайды тасымалдаумен айналысатын танкерлерге қатысты.
Санкцияға ұшыраған кемелер тізіміне «Роснефтьфлот» компаниясының Академик Губкин, Добрынья, Владимир Виноградов, Р.Н. Уссури, Р.Н.Амур және т.б. мұнай танкерлері кіреді.
«Нұрсұлтан Назарбаев» Aframax танкері “Звезда” кеме жасау кешенінің зауытында құрастырылды. Оның жүк көтергіштігі 114 мың тонна, ұзындығы 250 метр, ені 44 метр.
Санкцияларға сонымен қатар мұнайды белгіленген барреліне 60 доллардан жоғары бағамен тасымалдауға қатысы бар флот операторлары мен кеме иелері де болды. Тізімге Вьетнам, Гонконг, БАӘ және басқа елдердің компаниялары кірді.
Пікірлер (0)