Өгей қызын өлтірген әйелге үкім шықты

Жаңалықтар
view 55
news

Фотосурет: Tengrinews.kz

Бүгін Алматыда  7 жастағы Карина Закураеваның өліміне қатысты сот отырысы өтті, Өгей қызын өлтірген журналист Балжан Тұрлыбекке сот үкімі шықты деп хабарлайды madeniportal.kz.

Сот отырысы барысында прокурор сотталушыны 20 жылға бас бостандығынан айыру жазасына кесуді сұрады.

Сот қылмыстық істі қарастырып, Балжан Тұрлыбекті кінәлі деп танып, 20 жылға бас бостандығынан айыру жазасын тағайындады. Ол жазасын қауіпсіздігі орташа колонияда өтейді, - деді Ерлан Болатов.

Айта кетейік, Балжан Тұрлыбек өз кінәсін мойындамады.

Үкім заңды күшіне енген жоқ.

Еске салайық, жеті жасар қызды өлтіру оқиғасы шілдеде белгілі болды. Күдікті ретінде өгей анасы танылған. Медициналық сараптама маманының мәліметінше, қыздың өліміне бас миының ауыр жарақаты себеп болған. Қыздың басынан доғал, қатты затпен соққан. Сарапшы бес соққы болғанын атап өтті. Бұл жарақаттарды құлаған кезде алуы мүмкін емес екені айтылды. Қайтыс болған қыздың басында жарақат әр жерінен болған.

Фотосурет: Tengrinews.kz

Пікірлер (0)

Пікір қосу

Сіздің атыңыз *
Сіздің пікіріңіз *