«Оларда ресейлік және қытайлық зымырандар болды»: Трамп Венесуэлаға қандай қару қолданғанын айтты

Жаңалықтар
view 182
news

Фотосурет: brestcity.com

АҚШ президенті Дональд Трамп Венесуэлаға жасалған шабуыл және ел президенті Николас Мадуроны ұрлап әкету кезінде америкалық әскерилер қолданды делінетін құпия қарудың атауын жария етті, деп хабарлайды JANABASTAU.KZ ақпарат агенттігі.

Трамптың айтуынша, операция кезінде discombobulator деп аталатын құрал пайдаланылған.

Дискомбобулятор. Бұл туралы айтуыма болмайды. Олар зымырандарын іске қоса алмады. Оларда ресейлік және қытайлық зымырандар болды, бірақ бірде-бірі жұмыс істемеді. Біз кірдік, олар түймелерін басты, ештеңе болған жоқ. Олар шабуылға толық дайын еді, – деді Трамп New York Post басылымына берген сұхбатында.

Discombobulator дегенді «қарсы жақты бағдарынан жаңылдыратын құрал» деп аударуға болады. Бұған дейін New York Post аты-жөні көрсетілмеген венесуэлалық әскери қызметкерге сілтеме жасап, Мадуроны ұстау операциясы кезінде америкалықтардың жергілікті әскер бұрын-соңды көрмеген белгісіз қару қолданғанын да жазған болатын. Басылым дерегінше, Венесуэлаға десантпен түскен америкалық сарбаздар «қатты дыбыстық толқын» шығаратын ерекше қаруды пайдаланған. Куәгердің айтуынша, әуе шабуылына қарсы қорғаныс жүйесінің радарлары кенет істен шығып, аспанда көптеген дрон пайда болған. Одан кейін тікұшақтар ұшып келген.

Бұл өте күшті дыбыстық толқынға ұқсады. Бас іштен жарылып кететіндей болды. Бәрінің мұрнынан қан кетті, кейбірі қан құсып жіберді. Қозғала алмай, жерге құлап қалдық, – дейді оқиға куәгері.

Пікірлер (0)

Пікір қосу

Сіздің атыңыз *
Сіздің пікіріңіз *