Өскеменде де бір сарбаз көз жұмды

Жаңалықтар
view 123
news

Фотосурет: ашық дереккөз

Елдің шығысындағы әскери бөлімде мерзімді қызметін өтеп жүрген сарбаз өзіне бекітілген қарудан оқ атып, көз жұмды, деп хабарлайды JANABASTAU.KZ ақпарат агенттігі.

Қайғылы оқиға 23 қаңтарда Өскемен гарнизонында болған. Құрлық әскерлері бас қолбасшысының тәрбие және идеология жөніндегі орынбасары Арынғали Әкішевтің айтуынша, сарбаз әскер қатарына былтыр сәуір айында шақырылған.

Қазір осы дерек бойынша Шығыс өңірлік әскери-тергеу басқармасы қылмыстық іс қозғап, мән-жайды анықтап жатыр. Істің барысы Өскемен гарнизонының әскери прокуратурасының қатаң бақылауында.

Оқиғаның нақты себебін жан-жақты әрі әділ анықтау үшін Қорғаныс министрінің тапсырмасымен арнайы комиссия құрылған. Оны Қорғаныс министрінің орынбасары, генерал-майор Асқар Мұстабеков басқарады.

Қорғаныс министрлігі марқұмның отбасына көңіл айтып, барлық қажетті көмек көрсетілетінін мәлім етті.

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев бұған дейін әскердегі адам өлімі мен жарақат алу фактілерін қатаң сынға алып, бейбіт заманда мұндай трагедияға мүлде жол берілмеуге тиіс екенін айтқан еді. Соның алдында Қорғаныс министрлігі ұлынан айырылған аналардың жанайқайына жауап қатқан болатын.

Не дейсіз? Сарбаз өлімі? Мұндай жағдай қазір сиреді ғой, оны қайдан алдыңыздар? – деген еді сонда Дәурен Қосанов.

Оның айтуынша, митингіге шығып, наразылық танытқан аналар шын мәнінде өткен (2020-2023 жылғы) мәселені көтерген. Ал олардың мәселесімен айналысу қорғаныс саласына емес, Ішкі істер министрлігі мен Бас әскери прокуратураның құзырына жататын көрінеді.

Пікірлер (0)

Пікір қосу

Сіздің атыңыз *
Сіздің пікіріңіз *