Шымкенттегі қанды оқиға: тағы үш күдікті ұсталды (ВИДЕО)

Жаңалықтар
view 122
news

Фотосурет: видеодан скриншот

Шымкентте адам өлтіру және бұзақылық дерегі бойынша полиция тағы үш күдіктіні ұстады. Бұл туралы әлеуметтік желілерде адвокат Талғат Есімов мәлімдеді, деп хабарлайды JANABASTAU.KZ ақпарат агенттігі.

Василий Колесниковті өлтіру дерегі бойынша тағы үш күдікті ұсталды. Олар Түркістан облысының Түлкібас ауданында бой тасалап жүрген”, – деп жазды Талғат Есімов.

Еске сала кетсек, 21 қаңтарда полиция кісі өлтіру және бұзақылық жасады деген күдікпен төрт ер адамның ұсталғанын хабарлаған болатын.

Оқиға 20 қаңтарда Ерімбетов-Рысқұлов көшелерінің қиылысында болған. Алдын ала мәлімет бойынша, екі жүргізуші арасындағы жанжалға үшінші көлікпен келген өзге адамдар да араласып, арты төбелеске ұласқан. Қақтығыс кезінде бірнеше адам пышақ жарақатын алған. Екі адам ауруханаға жеткізіліп, олардың бірі алған жарақатынан көз жұмған.

Аталған дерек бойынша қылмыстық іс қозғалып, тергеу жалғасып жатыр.

Пікірлер (0)

Пікір қосу

Сіздің атыңыз *
Сіздің пікіріңіз *