«Назарбаевтар әулетінен сый-сияпат болған емес»: Балтабек Нұрғалиев президенттікке түспек (ВИДЕО)

Жаңалықтар
view 198
news

Фотосурет: ашық дереккөз

Көпшілікке Назарбаевтар әулетіне ода арнау арқылы танылған ақын Балтабек Нұрғалиев adyrna.kz порталының «Таразы» бағдарламасына сұхбат берді, деп хабарлайды JANABASTAU.KZ ақпарат агенттігі.

Ақыннан сұхбат алған Арман Әубәкір сөз басында одан Назарбаевтар әулетіне не үшін өлең арнағанын, оданың өтеуі ретінде қандай да бір құрметтің көрсетілген-көрсетілмегенін сұрады.

Ол әулеттің тарапынан маған ешқандай сый-сияпат, құрмет, қолпаштау болған емес. Ештеңесін өткізіп қойған жоқ. Керісінше, менің сол әулетке еңбегім көп өтті, біраз ойлануға мұрша бердім. Ол әулет менің бар екенімді, сондай толғаулар жасағанымның бәрін біліп, біраз терең ойға батты деп ойлаймын, – деп жауап берді ақын.

Сондай-ақ оған елде одашы ақындардың аз еместігі, өзін солармен салыстырғанда, биліктегі адамды мақтау-мадақтау жағынан нешінші орында болатыны туралы да сұрақ қойылды.

Мені олармен бір қатарға қоюға болмайды. Сіздің бұл ойыңыз дұрыс емес, тіпті. Себебі олардың жанры басқа. Мен – единственный, неповторимый экземплярмын. Он сегіз мың ғаламдағы жалғыз түйір Балтабекпін. Менің ойыма тебіреністері тең келетін ақын жер бетінде жоқ, – деп салды Балтабек Нұрғалиев.

Осы орайда ол өзін жағымпаз деп атайтын, сол үшін қатты сын астына алатын көпшілікке шығармашылығын дұрыс түсіну керектігін ескертті. Сөз ауанына қарағанда, ол арнауды кейіпкерін мақтау мақсатында жазбайтынға ұқсайды.

Жағымпаз деу үшін адам алдымен соның мәнін түсінуі керек. Ол адамның түсінігіндегі жағымпаздық деген не? Жағымпаздықтың формулалары қандай? Жағымпазданатын адам оңашада өз сәтімен, орайымен жағымпазданады. Ал менікі «Тисе – терекке, тимесе – бұтаққа» деген әңгіме ғой. Соны көріп отырып, жағымпаздық деп айту – қиянат. Бірақ мен ол қиянатқа да тосқауыл жасамаймын. Бұл жерде үлкен глобальный әңгіме, терең ұғым бар. Оны біреу түсініп, біреу түсінбеуі мүмкін. Бұл бір тылсымның күресі болды деп ойлаймын. Сол тылсымдар мені өзінің қолшоқпары қылды ма деп те ойлап қаламын, – деп ағынан жарылды ақын.

Келесі сұрақ қазіргі президент Қасым-Жомарт Тоқаевқа қатысты болды. Айтуынша, Балтабек Нұрғалиев оған ода арнамайтын сияқты. Керісінше, Тоқаевтың президенттік өкілеті аяқталса, оның орнына ақын өзін ұсынып, ел басқарғысы келеді екен.

Ол кісі өзінің сәтімен бәрін үйлестіріп кеткеннен кейін келесі президенттікке мен өзімді ұсынамын. Оған білім-білігім толыққанды жетеді деп ойлаймын. Менімен дебатқа түсетін кандидаттар болса, оларды да көреміз. Екі президент қарнымызды тойдырып берді. Рахмет ол кісілерге! Қазір қазақтың қарны тоқ. Енді оларды тәрбиелеу ісіне көшу керек. Мен тоғышарлықты тәрбиелеумен айналысар едім, – деді Балтабек Нұрғалиев.

Бұл ретте ол өзінің «президенттік бағдарламасына» мегаполистерді жойып, қаптаған қаланы азайтып, халықты өз аудан, ауылдарына қайта шоғырландыруды енгізбек. Бойында соны істей алатын қасиет те бар көрінеді.

Мен өзімнің кие мен күштің иесі екенімді, дем салсам, демімнің өтімді екенін байқадым. Бірақ ешкімге айтпадым. Адамдар суға Құранмен дем салып бергенімде, жақсы нәтиже көргендерін айтты. Қамшымен ұшықтаймын, – деген ақын өзінен сұхбат алып отырған Арман Әубәкірдің де басына өзімен ала келген қамшысын орап, оны «жаман энергиядан» арылтты.

Пікірлер (0)

Пікір қосу

Сіздің атыңыз *
Сіздің пікіріңіз *