Олжас Бектенов интернет сапасына қатысты шағым азаймай отырғанын мәлімдеді

Жаңалықтар
view 31
news

Фото: elements.envato.com

Үкімет отырысында Премьер-министр Олжас Бектенов ақпараттық жүйелердің үздіксіз жұмысы ерекше назар аударуды қажет ететінін айтты, деп хабарлайды JANABASTAU.KZ ақпарат агенттігі. 

Қазақстанның телекоммуникация саласы соңғы бес жылда орнықты өсім көрсетіп келеді. Экономиканы цифрлық трансформациялау бағытындағы барлық реформаның бастауында байланыс инфрақұрылымы тұрғанын айта кету керек. Байланыс нарығында бүгінде бәсекелестік белсенді дамып келеді. Бұл өз кезегінде операторларды жаңа қызмет түрлерін ұсынуға және олардың сапасын арттыруға ынталандырып отыр. Әлеуметтік жобалар іске қосылып жатыр. Олар цифрлық кеңістікте балаларды қорғауға және халықтың осал топтарын қолдауға бағытталған. Аталған жұмысты одан әрі жалғастыру қажет, - деді Олжас Бектенов.

Сондай-ақ ол еліміздің аумағын жылдамдығы жоғары интернетпен жаппай қамту арқылы ғана тиісті нәтижеге қол жеткізуге болатынын айтты.

Сонда ғана Мемлекет басшысының жаппай цифрландыру және жасанды интеллект элементтерін енгізу туралы тапсырмасын тиімді іске асыра аламыз. Тұрақты интернет — бүгінде игіліктен бөлек, халықтың күнделікті өмірі мен заманауи экономиканың маңызды қажеттілігіне айналды. Мұнымен қоса, жол бойында мобильді байланыс тұрақсыз, ауылды жерлерде интернет өте баяу, тіпті қалалардың өзінде ауқымды іс-шаралар барысында интернет сапасы нашарлап кетеді деген сыңайда арыз-шағымдар азаймай отыр. Жасанды интеллект министрлігі осындай үлкен шаралар кезінде байланыс және интернет инфрақұрылымына жүктеменің күрт артуына қатысты мәселені операторлармен бірге мұқият пысықтауы қажет, - деді Үкімет басшысы.

Оның сөзіне қарағанда, ақпараттық жүйелердің үздіксіз жұмысы ерекше назарды қажет етеді. Биылдың өзінде үш бірдей істен шығу жағдайы тіркелді. Деректерді өңдеу орталықтарының жабдықтары жоғары жүктемені көтере алмады. Сондықтан бұл мәселелер Жасанды интеллект және цифрлық даму министрлігінің тұрақты бақылауында болуға тиіс.

Пікірлер (0)

Пікір қосу

Сіздің атыңыз *
Сіздің пікіріңіз *