Өндіріс өнім бере бастады

Жаңалықтар
view 204
news

Қосшы қаласындағы «Кәусар» кәсіпорнының директоры Гүлжан Өтепбаева 2021 жылдың сәуірінде металл цехын іске қосты. Өндіріс ғимараты 240 шаршы метрді құрайды. Бұл туралы Қосшы қаласының Кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімі хабарлады. Қосшы қаласында шағын өндіріс ошақтарының қатары күн санап көбейіп келеді. Кәсіпорын қасбеттік кассеталар, кондиционерлерге арналған себеттер, мырышталған болаттан жасалған сәндік және жалюзи торлары, парапеттер, еңістер, электр жабдықтарына арналған шкафтар, стандартты емес өндірістік металл есіктер, құстарға арналған торлар, қасбеттік кассеталардан аялдамалар, стационарлық емес объектілер және тағы да басқа бұйымдар әзірлейді. Кәсіпорын жылына 2 000 дана мырышталған болаттан жасалған сәндік және жалюзилік торлар шығарады. Және 5 000 шаршы метрт қасбеттік кассеталар, 3000 дана кондиционерлерге арналған себеттер дайындайды. Кәсіпорынның көлік логистикасы жолға қойылған. Қазіргі уақытта «Bazis-A» құрылыс компаниясының еншілес кәсіпорындарымен, сондай-ақ «RoofArt» ЖШС, «ISKO BUILDERS» ЖК компанияларымен жұмыс шарттары бар. Кәсіпорында 5 жұмыс орны бар. Қосшы қаласының кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімінің мәліметінше, кәсіпкер құрылғылар мен жабдықтарды өз қаражатына 50 миллион теңгеге сатып алған. Кәсіпорын Қосшы қаласы, 19-шағын аудан, 128а учаске мекен-жайында орналасқан.

Пікірлер (0)

Пікір қосу

Сіздің атыңыз *
Сіздің пікіріңіз *