Онкологиялық диспансердің бөлім меңгерушісі пара алғанын мойындаған видеосы тарады (ВИДЕО)
Сурет: Ашық дереккөзден
Әлеуметтік желіде Талдықорғандағы көпсалалы онкологиялық диспансердің бөлім меңгерушісі Меруерт Нұрақынқызы пара алғанын мойындаған видеосы тарап кетті, деп хабарлайды janabastau.kz KYN.KZ ақпарат агенттігіне сілтеме жасап.
Бұрынғы қызметкері Әйгерім Талғатқызының айтуынша, меңгеруші емделушілер мен олардың туыстарынан пара алады және ауыр науқастарға еш пайдасы жоқ дәрілерді сатқан. Ол ауруханадан мәжбүрлі түрде кеткен. Бөлім меңгерушісі Арапованың ісін әшкерелегені үшін аурухана директоры, оның өзіне жала жапқан.
"Мен оның сыбайлас жемқорлық әрекеттерінің куәсі болдым және бұл туралы онкология директоры Өмірбаев М.А. мен директордың орынбасары Дәуран Тұрсынқұлұлына айттым. Бірақ олар, керісінше, мені айыптап, бөлім меңгерушісі Меруерт Арапованы жақтап, қолдау көрсете бастады", – дейді аурухананың бұрынғы дәрігері.
Видеода бөлім меңгерушісі өзінің пара алатынын мойындаған. Айтуынша, мұны қол астындағы қызметкері Әйгерім көре алмаайды. Сол себептен де оны пара алғаны үшін айыптап отырған көрінеді.
"Оған түсініктеме жазыңдар деп айттым. Жұмыстан шығу туралы жаз деген жоқпын. Қалауларың болса, шыға беріңдер дедім. Жарайды, ол жындымен жынды боламын ба? Пара аласың дегеніне ашуым келіп тұр. Параны дәрігерлер өмір бойы алған, ала береді. Сенің құрбың, Әйгерімнің іші жарылайын деп жүр. Маған елдер "пара" береді. Соны көре алмай жүр. Өзіне пара бермейді. Содан кейін іші тарылып жүр. Ешкімнен ақша сұрамаймын. Сұраса ала беремін. Соны түсіндірші құрбыңа. Жаңа ғана Жакибаевтың әйелі маған келіп, қалтама салды. Тура сол кезде оның көзі жанып, шарасынан шығып кете жаздады. Ол мені қызғанады", – дейді бөлім меңгерушісі бейнежазбада.
Барлығын ашық көрсетіп, жариялаған аурухананың бұүрынғы қызметкері прокуратура мен сыбайлас жемқорлыққа қарсы органдарды аурухана әкімшілігіне қарсы шара қолдануға шақырады. Ол жемқорлық жасағандар мен өзіне қысым көрсеткендерді жауапқа тартуды талап етеді.
Пікірлер (0)