Оңтүстік Кореяның президенті қамауға алынды

Жаңалықтар
view 74
news

ашық дереккөзден

Оңтүстік Кореяда тергеушілер уақытша қызметінен шеттетілген, бірақ әлі де елді басқарып отырған Юн Сок Ёльді бүлік ұйымдастырды деген айыппен қамауға алды, деп хабарлайды janabastau.kz порталы Yonhap-қа сілтеме жасап.

- Басқарма президент Юн Сок Ёльді бүлікті басқарды деген айыппен қамауға алды, – делінген агенттік хабарламасында.

Сәрсенбі, 15 қаңтар күні таңертең тергеушілер ел басшысының резиденциясына оны қамауға алу үшін келді. Алайда тергеушілер президенттің қауіпсіздік қызметімен қақтығысып қалған. Шамамен 2,5 сағаттан кейін полиция мен жоғары лауазымды тұлғалардың жемқорлығын тергеу басқармасының (CIO) қызметкерлері баспалдақ арқылы резиденцияға кірді.

АРНАЙЫ ОПЕРАЦИЯ

Олар резиденция ішінде бірнеше қоршаудан өтті, олардың әрқайсысының жанында президенттің күзеті көліктер мен автобустар қатарын құрып тосқауыл қойған. Операцияға шамамен 200 полицей мен CIO-ның 40 тергеушісі қатысты.

Кейін Юн Сок Ёль қайғылы оқиғалардың алдын алу үшін тергеуге өзі келу туралы шешім қабылдағаны белгілі болды. Сонымен қатар, президент резиденциясын күзететін әскери бөлімшелер тергеушілерге қамауға алу ордерін орындауға кедергі жасамауға келісті.

Пікірлер (0)

Пікір қосу

Сіздің атыңыз *
Сіздің пікіріңіз *