Оралхан Бөкей атындағы көркемсөз оқу шеберлерінің байқауы

Руханият
view 320
news

Қосшы қаласы мен Тайтөбе ауылында Оралхан Бөкей атындағы көркемсөз оқу шеберлерінің қалалық байқауы өтеді,-деп хабарлайды janabastau.kz Оралхан Бөкейдің 80 жылдық мерейтойына орай Қосшы қаласы және Тайтөбе ауылының 14 жастан жоғары тұрғындары арасында жазушының шығармаларын кеңінен насихаттау мақсатында көркемсөз оқу шеберлерінің  қалалық байқауын жариялаймыз. Байқау шарттары:
  1. Оралхан Бөкейдің “Қар қызы”, “Тортай мінер ақбоз ат”, “Атау кере”, “Сайтан көпір”, “Өліара” шығараларынан үзінді оқу;
  2. мәтінді оқу уақыты 3 минуттан аспауы керек;
  3. үміткерлер мәтінді жатқа білулері шарт.
Қазылар алқасы шешім шығару барысында келесі критерийлерді басшылыққа алады: 1) Көркем мәтінді оқу, актерлік, ойды жеткізу шеберлігіне; 2) дауыс мәнеріне және тіл тазалығына; 3) көркем мәтінді таңдау талғамына; 4) сахналық бейне және оқу мәнері; Байқау 27 сәуір 11:00-де өтеді. Байқауға қатысу үшін 25 сәуірге дейін kuandykovas1993@mail.ru электронды поштасына немесе 87755451097 W/app нөміріне өтінім жіберу керек.

Пікірлер (0)

Пікір қосу

Сіздің атыңыз *
Сіздің пікіріңіз *