Астанада сирек кітаптар көрмесі ұйымдастырылды

Руханият
view 287
news

Павлодарлық музей қызметкерлері астаналықтар назарына сирек кітаптар мен қолжазбалар топтамасын ұсынды, деп хабарлайды janabastau.kz. Бұл жәдігерлер Елордаға алғаш рет әкелініп отыр. Экспонаттардың көбі «Алашордалықтар ізімен» экспедициясы кезінде табылған. Музей қызметкерлері тапқан құнды жәдігердің бірегейі – 1909 жылы Санкт-Петербургте жарық көрген Абайдың өлеңдер жинағы. Жалпы, Қазақстан бойынша бұл кітаптың 5 данасы ғана бар екен. Соның бірі осы көрмеге қойылды. Бұдан бөлек, Ахмет Байтұрсынұлының «Қырық мысал», «Маса» кітаптарының, Жүсіпбек Аймауытовтың 1926 жылы басылған «Қартқожа» романының және Сұлтанмахмұт Торайғыровтың 1933 жылы шыққан жинағының түпнұсқасы қойылды. Айта кетейік, бұл жәдігерлермен «Қолжазбалар және сирек кездесетін кітаптар» ұлттық орталығында танысуға болады. Көрме 2 аптаға жалғасады. Ербол Қайыров, Бұқар жырау атындағы Павлодар облыстық әдебиет және өнер музейінің директоры: - Ақын, тарихшы Қошмұхамбет Кемеңгеровтың «Қазақ тарихынан» деген кітабы. Бұл кезінде өзі 4 мың данамен шыққан екен. Бүгінгі күні бұл кітаптың біреуі өзінің немересі Қайырбек Кемеңгерде сақталып отырса, біреуі Мәскеудің, екіншісі бізде, Алматыда академиялық кітапханада сақталып отыр. Төртінші, міне, бізде сақталып отыр.

Пікірлер (0)

Пікір қосу

Сіздің атыңыз *
Сіздің пікіріңіз *