Өскеменде техникалық қызмет көрсету орталығынан өрт шықты

Жаңалықтар
view 27
news

Фото: © istockphoto.com

Өскемен қаласындағы техникалық қызмет көрсету орталықтарының бірінде жанармай мен май құйылған сыйымдылықтар өртенді. Тілсіз жаумен күрес кезінде құтқарушылар қауіпті жерден газ баллондарын шығарып, жойқын жарылысты болдырмады, деп хабарлайды JANABASTAU.KZ ақпарат агенттігі.

Төтенше жағдайлар министрлігінің мәліметінше, техникалық қызмет көрсету аумағында 102 шаршы метр аумақты қамтитын дизель отыны мен пайдаланылған май құйылған ыдыстар жалынға оранған. Оқиға орнына жеткен өрт сөндірушілер ғимараттан қою түтін шығып, оттың қатты лаулап жатқанын анықтаған. Мамандар бірден өрттің көрші нысандарға таралуын тоқтатуға кіріскен.

Өртті сөндіру барысында құтқарушылар жанып жатқан нысаннан төрт оттегі баллоны мен екі  газ баллонын шығарып, жойқын жарылыстың алдын алды.

Өрт толығымен сөндірілді. Зардап шеккендер мен қаза тапқандар жоқ, — деп хабарлабы ТЖМ өкілдері.

Қазіргі уақытта мамандар өрттің шығу себебін анықтап жатыр.

Пікірлер (0)

Пікір қосу

Сіздің атыңыз *
Сіздің пікіріңіз *