Өскемендегі №3 мектеп-лицейде экологиялық ағарту жұмыстары жүргізілуде

Жаңалықтар
view 29
news

Фотосурет: дереккөз

Өскемен қаласында «Таза Қазақстан» республикалық бастамасы аясында және «Жасыл даму» АҚ қолдауымен оқушыларға экологиялық білім беру жұмыстары жүйелі түрде жалғасуда, деп хабарлайды JANABASTAU.KZ ақпарат агенттігі.

Аталған жұмыстар Шоқан Уәлиханов атындағы №3 мектеп-лицейі базасында жүзӨскемен қаласындағы Шоқан Уәлиханов атындағы №3 мектеп-лицейінде экологиялық ағарту жұмыстарыеге асырылуда.

Негізгі мақсат – оқушылар арасында экологиялық мәдениетті қалыптастыру және қалдықтарды бөлек жинау дағдыларын дамыту. Іс-шаралар аясында тақырыптық дәрістер мен презентациялар ұйымдастырылып, оқушыларға қалдықтарды дұрыс сұрыптау ережелері, қайта өңдеудің маңыздылығы және қоршаған ортаны қорғау туралы кеңінен түсіндіріледі.

Сонымен қатар, күнделікті өмірде қалдықтарды дұрыс бөлу бойынша практикалық ұсыныстар беріледі. Сондай-ақ оқушылар EcoQolday цифрлық платформасының мүмкіндіктерімен танысып, экологиялық сауаттылықты арттыруға бағытталған заманауи құралдарды пайдалануды үйренуде.

Оқушылардың білім деңгейі мен қызығушылығын анықтау мақсатында сауалнама жүргізіліп, олардың қалдықтарды бөлек жинау туралы білімдері, сұрыптау дағдылары және экология саласындағы құралдарды қолдану деңгейі зерттелуде.

Өткізілген іс-шаралар жас ұрпақтың қоршаған ортаға деген жауапкершілігін арттырып, экологиялық ойлау қабілетін қалыптастыруға ықпал етеді.

```0

Пікірлер (0)

Пікір қосу

Сіздің атыңыз *
Сіздің пікіріңіз *