Қалдықтарды бөлек жинау бойынша экологиялық іс-шаралар арнайы мектептерде де өткізілуде
Фотосурет: дереккөз
Қалдықтарды бөлек жинауға арналған экологиялық іс-шаралар тек жалпы білім беретін мектептерде ғана емес, сонымен қатар арнайы білім беру ұйымдарында да өткізілуде, деп хабарлайды JANABASTAU.KZ ақпарат агенттігі.
Экологиялық білім беру барлық балалар үшін қолжетімді болуы тиіс. Осы ретте Абай облысы, Семей қаласындағы есту қабілеті бұзылған балаларға арналған №5 арнайы мектеп-интернатта да осындай іс-шара ұйымдастырылды.

Іс-шара барысында сурдоаудармашының көмегімен оқушыларға қалдықтарды бөлек жинаудың маңыздылығы, оларды қалай дұрыс сұрыптау керектігі түсіндірілді.
Балалар ақпаратты қызығушылықпен қабылдап, белсенділік танытты. Мұндай бастамалар барлық балаларға тең мүмкіндік беріп, қоршаған ортаға деген жауапкершілікті қалыптастыруға ықпал етеді.

Экологиялық мәдениет — баршаға ортақ құндылық.
Пікірлер (0)