Өскемендегі №3 мектеп-лицейінде экологиялық ағарту жұмыстары жүріп жатыр

Жаңалықтар
view 36
news

Фото: видеодан скрин

Өскемен қаласындағы Шоқан Уәлиханов атындағы №3 мектеп-лицейінде экологиялық ағарту жұмыстары жүргізілуде, деп хабарлайды JANABASTAU.KZ ақпарат агенттігі.

 

Өскемен қаласында «Таза Қазақстан» республикалық бастамасы аясында және «Жасыл даму» АҚ қолдауымен оқушыларға экологиялық білім беру бағытындағы жұмыстар жүйелі түрде жалғасып келеді.

 

Бұл бастамалар Шоқан Уәлиханов атындағы №3 мектеп-лицейі базасында жүзеге асырылуда. Жобаның негізгі мақсаты – оқушылар арасында экологиялық мәдениетті қалыптастыру және қалдықтарды бөлек жинау дағдыларын дамыту.

 

Іс-шаралар аясында тақырыптық дәрістер мен презентациялар ұйымдастырылып, оқушыларға қалдықтарды дұрыс сұрыптау ережелері, қайта өңдеудің маңыздылығы және қоршаған ортаны қорғау мәселелері кеңінен түсіндіріледі. Сонымен қатар, күнделікті өмірде қалдықтарды тиімді әрі дұрыс бөлуге қатысты практикалық ұсыныстар ұсынылуда.

 

Сондай-ақ оқушылар EcoQolday цифрлық платформасының мүмкіндіктерімен танысып, экологиялық сауаттылықты арттыруға бағытталған заманауи құралдарды қолдануды меңгеруде.

 

Оқушылардың білім деңгейі мен қызығушылығын анықтау мақсатында арнайы сауалнама жүргізіліп, олардың қалдықтарды бөлек жинау жөніндегі білімдері, сұрыптау дағдылары және экология саласындағы цифрлық құралдарды пайдалану деңгейі зерттелуде.

 

Өткізілген іс-шаралар жас ұрпақтың қоршаған ортаға деген жауапкершілігін арттырып, экологиялық ойлау қабілетін қалыптастыруға ықпал етеді.

 

Пікірлер (0)

Пікір қосу

Сіздің атыңыз *
Сіздің пікіріңіз *