Отбасы банктен де басқа банктерде баспана алу үшін ақша жинауға болады
Сурет: Ашық дереккөзден
Қазақстандықтар енді тұрғын үй алу үшін ақшаны «Отбасы банкінен» басқа банктерде де жинай алады, деп хабарлайды janabastau.kz.
Ведомствоның дерегінше, қажетті рәсімдер аяқталғаннан кейін түзетулер заңнамада белгіленген тәртіппен қабылданады.
«Қазіргі уақытта Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі мемлекеттік органдармен және банктермен бірлесіп, тұрғын үй құрылыс жинақтарын коммерциялық банктерде ашу мүмкіндігін көздейтін, сондай-ақ аталған жинақтарды тарту және тұрғын үй заемын беру, оларды есепке алу және нысаналы пайдалануды қамтамасыз ету талаптарын ескеретін түзетулер әзірледі», – деп хабарлады реттеуші.
Бұған дейін, Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігі 2021 жылдан 2023 жылдың бірінші жартыжылдығы аралығындағы ипотека нарығына талдау жүргізді. Осы ретте монополияға қарсы агенттік «Отбасы банктің» ипотека нарығындағы үлесін төмендетуді ұсынды.
Талдау бойынша, мемлекеттік бағдарламалар аясында ипотекалық несие нарығында 4 банк тұрақты жұмыс істейді. Олар «Отбасы Банк», «Банк ЦентрКредит», Bereke Bank және Freedom Bank. Нарықтағы бәсекелестікті арттыру үшін Агенттік бірқатар шаралар қабылдауды ұсынады
Сондай-ақ агенттік бұл мүмкіндік қаражатты тарту, жылжымайтын мүлік сатып алуға несие беру, сондай-ақ осы қаражаттың мақсатты пайдаланылуын бақылау және қамтамасыз ету шарттарын ескере отырып берілетінін атап өтті.
Пікірлер (0)