«Өтінемін»: Саакашвили Зеленскийден көмек сұрап жатыр
Фото: BBC
Михаил Саакашвили Владимир Зеленскийге оны азаматтық тұтқын деп танып, Украина аумағына қайтаруды сұрап, өтініш жасады, деп хабарлайды JANABASTAU.KZ ақпарат агенттігі.
Грузияның бұрынғы Президенті Михаил Саакашвили бірнеше қылмыстық іс бойынша жазасын өтеп жатыр. Ол Украина Президенті Владимир Зеленскийге арнап жазған ашық хатын Facebook-тегі парақшасында жариялаған. Саясаткер Украина азаматы екенін еске салып, өзін «Грузияның ресейшіл билігі заңсыз ұстап отырған азаматтық тұтқын» ретінде тануды сұрады.
ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ: Саакашвили үш жылдан астам уақыт ауруханада жатқаннан кейін түрмеге кері қайтарылды
Өтінемін, мені осы соғыстың азаматтық тұтқындары тізіміне енгізіңіздер… Украина өз адамын тастамайтынын білемін, сізге сенемін, – деп жазды Саакашвили.
Экс-президент Ресейдің Украинаға қарсы соғысы басталғаннан кейін, 2022 жылдың наурызында түрмеде уланғанын мәлімдеді. Оның айтуынша, бұған қазіргі грузин билігінің өкілдері жауапты, ал ол билікті Саакашвили «ресейшіл» деп сипаттады.
Менің қудалануым да, тағдырым да осы соғысқа тікелей байланысты. Мұны ресми түрде мойындауды сұраймын, – деді ол.
Пікірлер (0)